Премьер-Министр ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің мүшелерімен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

TeliaSonera компаниясының Президенті және Бас атқарушы директоры Пер-Арне Бломквистпен кездесу барысында Қазақстанның телекоммуникациялық қызметінің бүгінгі жайы мен оны дамытудың перспективалары туралы әңгіме өрбіді.

П-А. Бломквистің айтуынша, Қазақстан компанияның маңызды әріптесі болып табылады. Ол сонымен қатар, компанияның ҚР рыногындағы қызмет ауқымын кеңейте түсуге мүдделі екенін білдірді.

Deutsche Bank-тің Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Бас атқарушы директоры Петер Тильспен кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимылды жандандыра түсу мәселесі талқыланды.

Өзара тиімді әріптестік мәселесі «ConocoPhillips» компаниясының Бас атқарушы директоры және директорлар Кеңесінің төрағасы Райан М. Лэнспен кездесу кезінде де талқыланды.