«Бақылау, сапа және кадр мәселесі - міне осы мәселелерге ерекше назар аудару керек», деді Министрлер кабинетінің басшысы өз сөзінде.
«Біріншіден - бақылау. Әдетте жақсы және дұрыс шешімдер қабылданады. Соларды басынан бастап, соңына дейін бақылау өте маңызды», деп түсіндірді премьер.
Кәрім Мәсімов сондай-ақ, «бұл бағытта бізге селекторлық кеңестер жақсы көмектесіп отыр», деп атап көрсетті. «Өткен 9 айда селекторлық кеңестер өзін жер-жерлердегі ахуалды қадағалаудың тиімді тетігі ретінде көрсете алды. Атап айтқанда, қыркүйек айында аймақ басшыларымен жедел өткізілген кеңестің арқасында, Үкімет Оңтүстік Қазақстанның май құю стансыларындағы баға демпингі талпыныстарының жолын кесе алды, ал содан үш ай бұрын цементтің ішкі нарығы тұрақтандырылды. Сыртқы орта Қазақстанның экономикалық орнықтылығына әлі де қауіп төндіріп отырғандықтан, босаңсымау туралы Елбасының үндеуі әлі де өзекті болып қала бермек.
Екіншіден - сапа мәселесі, деп атап көрсетті К.Мәсімов. «Біз әрқашан сапаны бақылап отыруымыз керек, сіздердің, депутаттық сауалнамаларыңыздың арқасында нақты қай жерлерде проблемалар бар екенін біз біліп отырмыз», деді Үкімет басшысы өз сөзінде.
«Үшінші мәселе - кадр мәселесі», деді К.Мәсімов. «Барлық шешімдерді, нақты бір жерлердегі жұмыстарды атқаратын кадрлар. Міне атап өткен осы үш жайтты - бақылау, сапа және кадр мәселелерін біз жіті бақылайтын боламыз», деп түйіндеді өз сөзін Премьер-Министр.