Премьер-Министр мемлекеттік органдардың штатын ұлғайтуға шектеу қойды

АСТАНА 28 ақпан. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың штатын ұлғайтуға шектеу қойды.

«Мемлекеттік органдардың бірі Мемлекет басшысына штат санын ұлғайту турасындағы өтінішімен шықты. Айта кетейін, қарар өте қатаң болған еді. Мен Қаржы және экономикалық даму сауда миинистрліктеріне бұл мәселені маған дейін жеткізбеуді тапсырамын. Қандайда бір ұлғайтуға толығымен мораторий жарияланды»,-деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Үкімет отырысында.