Премьер-Министр мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу және нан бағасының тұрақтылығы мәселесін қадағалауды жүктеді

None
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Серік Ахметовтың пайымдауынша биылғы жылғы құғақшылықты ескергенде жиналған астық көлемі жаман емес.

Бүгін  Премьер-Министр селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында осылай айтты.

 «Ауа-райының қиын жағдайына қарамастан, астық шығымдылығы жаман емес. Менің ойымша, өткен жылдардағы астық қалдығын ескере отырып, сонымен қатар биылғы бастырылғанды өңдегеннен  кейін шығатын 13 млн. тонна тауарлық астық арқылы біз бұдан бұрынғы экспорттың қарқынын сақтайтын боламыз»,- деді Премьер-Министр.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу мақсатын орындауды жергілікті жерлерге тапсырды. Сонымен қатар С. Ахметов әкімдерге астықты мақсатты пайдалану бойынша мәселені қадағалап отыруды жүктеді.

«Атап айтқанда, бірінші сұрыпты ұн мен әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығы мәселесін қадағалап отыру қажет. Бұл өңірлердің тікелей міндеті мен жауапкершілігі. Барша институттар, Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бағытта қолдау көрсетеді»,- деп түйді Үкімет басшысы.