«Нашақорларды емдеу, оңалту және әлеуметтік ортаға бейімдеу әдістемелерін жетілдіру қажет. Осы бағыттағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, қолданыстағы емдеу әдістерінің тиімділігіне талдау жүргізіп, жаңа тәсілдерді әзірлеу керек.
Нашақорлықтан айыққан адамдарға қоғамның дұрыс көзқарасын қалыптастырған жөн. Бұл жерде емделуге ынталандыру ғана емес, ондай адамдарды одан әрі әлеуметтендіру қажет. Сондықтан денсаулық сақтау және Еңбек министрліктері осы бағыттағы күш-жігерін біріктіріп, тиісті шараларды ұсынсын», - деді ол Үкімет отырысында.
Ал Әділет министрлігіне сот-сараптама органдарын заманауи құралдармен қамтамасыз ету жүктелді.
«Сот-сараптама органдарының материалдық техника мен жабдықтары, есірткі зерттеу әдістемесі заман талабынан артта қалып отыр. Әділет министрлігіне сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде тиісті шараларды тұрақты түрде қабылдау қажет», - деді Әлихан Смайылов.