«Барлық орталық атқарушы органдар облыс және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері бүгінгі отырыста айтылған олқылықтарды ескере отырып, жылыту маусымына қатысты туындаған барлық мәселелерді шешуі тиіс. Біз қыс мезгіліне ешқандай түйткілдерсіз кіруіміз керек. Ең алдымен білім беру нысандарын қыркүйектің 1-іне жақсылап дайындау керек. Оқу жылының басталуына бір айдан сәл ғана астам уақыт қалды», - деді Премьер-Министр.
«Облыс әкімдері Білім министрлігімен бірігіп, жаңа оқу жылына білім беру нысандарының дайындығына қатысты ешқандай проблема жоқ деп баяндайды. Алайда, жергілікті жерлерде, қандай да бір аудандарда бұл мәселе бойынша проблемалар туындап жатады», - деген Премьер-Министр, облыс әкімдеріне қыркүйектің 1-інде мектептері оқу жылына дайын болмаған аудандардың әкімдерін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.
«Қандай да бір жерде мектептердің дайындығына қатысты проблема туындаса, қандай жақсы әкім болмасын, оны қызметінен босату туралы облыстық білім беру басқармасымен бірігіп шешім қабылдаңыздар», - деді Премьер-Министр әкімдеріне қарап айтқан сөзінде.