Премьер-Министр орынбасары Е. Орынбаевқа еліміздегі жұмыссыздар санының өсуіне жол бермеуді бақылауды тапсырды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов орынбасары Ербол Орынбаевқа осы жылдың екінші тоқсанында әртүрлі сала кәсіпорындары қызметкерлерінің жұмыстан босауының өсуіне жол бермеуді бақылауды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өндіріс көлемінің азаюынан әртүрі сала кәсіпорындары қызметкерлерінің жұмыстан босауына жол бермеу қажет. Бұл өте күрделі проблема. Барлық мемлекеттік органдар дағдарысқа қарсы жоспарды және «Жол картасында» белгіленген іс-шараларды, әсіресе, жұмыс орындарын сақтау бөлігіндегі кезек күттірмейтін шараларды қабылдағаны жөн. Осы мәселені орынбасарым Ербол Орынбаев бақылауы қажет», - деді Үкімет басшысы бүгін Министрлер кабинетінің осы жылдың 1-ші тоқсанын қорытындылауға және 2-ші тоқсанда алда тұрған міндеттерді белгілеуге арналған отырысында.