Премьер-Министр Парламент депутаттарына алғысын білдірді

аурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Үкімет биыл «Бірнеше нақты іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Ол ең алдымен елді индустрияландырумен байланысты. Екіншіден, алдағы 2-3 жылда Үкімет денсаулық сақтау, білім және тіл мәселелеріне байланысты бағдарламаларды дайындауда. «Бұл құжаттарды біз депутаттармен бірлесіп талқылаймыз, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов. Бұл туралы ол бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста Парламент депутаттарына алғысын білдірген Премьер-Министр: «Сіздердің Үкіметке көрсеткен қолдауларыңыз өте маңызды деп білемін. Сіздер бізді әлемді жайлаған қаржы дағдарысы сияқты күрделі кезеңдерде де демеп отырдыңыздар.

Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы дағдарыстан шығу жолдарын іздестірудеміз және бұл бағыттағы жұмыстардың алғашқы нәтижелері жаман емес. Бұл сіздермен бірлескен еңбектің жемісі», деді К. Мәсімов.