«Ертең, 20 тамызда Премьер-Министр С. Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың барысы қаралады. Сонымен қатар отырыста еліміздегі ана мен бала өліміне қарсы күрес іс-шаралары кеңінен талқыланбақ»,-деді ресми өкіл.
Денсаулық саласындағы жағдай бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндайды.
Бұдан бөлек, 21 тамызда, яғни Білім күні қарсаңында Премьер-Министр С. Ахметов жаңа оқу жылына дайындық мәселесі бойынша Үкімет кеңесін өткізеді. Ал, 23 тамызда Үкімет Қазақстандағы аграөнеркәсіп саласының даму мәселелерін кеңінен талқыламақ.