Премьер-Министр Серік Ахметов ауыл шаруашылығы министрлігіне саланы дамыту бағытында секторлар бойынша шеберлік жоспарын бекітуді тапсырды.

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігіне саланы дамыту бағытында секторлар бойынша шеберлік жоспарын бекітуді тапсырды.

Бұндай тапсырманы ол бүгін Үкімет отырысы барысында жүктеді. «Әсіресе бұндай жұмыстар өсімдік шаруашылығы, ветеринария және басқа бағыттарда іске асырылуы тиіс», - деп атап өтті С.Ахметов.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр заңнаманы реттеу, сондай-ақ, «Агробизнес-2020» бағдарламасының жаңа тетіктерін енгізу үшін және оны қаржыландыруды қамтамасыз ету тұрғысында Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевқа барлық мемлекеттік органдардың іс -қимылын үйлестіріп, осы мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.