Премьер-Министр СҚО кәсіпорындарының басшыларымен қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жаңғырту мәселелерін талқылады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ең ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі «ПАМЗ» АҚ-ны аралау барысында даму мәселелері талқыланды, онда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ және энергетика салаларына жабдықтар дайындау, сонымен қатар қорғаныстық маңызға ие өнімдерді әзірлеу үдерістерімен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары Д. Жандарбек Бақытжан Сағынтаевты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынның қызметі мен даму келешегі туралы ақпараттандырды, деп хабарлайдыprimeminister.kz .

Ірі кәсіпорындардың басшыларымен кездесуде технологиялық жаңғырту мен өндірісті цифрландыру, қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Кеңес барысында ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Қ. Бишімов, «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры М. Әбілмажинов, «ЗИКСТО» АҚ бас директоры В. Спицын, «Мұнаймаш» АҚ басқарма төрағасы С. Пушкарев, «КЖЗ» ЖШС директоры Н. Васильев және «Блок» ЖШС директоры А. Сысоев сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар