«Мемлекеттік органдар көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, көмір бағасын өткен жылғы деңгейде сақтап қалу үшін заңға сәйкес іс-шаралар қабылдауы қажет», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.
Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне толық жұмыс істемей тұрған немесе тоқтап тұрған тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг пен талдау жүргізіп, олардың толықтай жұмыс істеуі үшін іс-шараларды іске асыру керектігін ескертті
«Бүгін ұсынылған іс-шараларды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылғы 1 ақпанға дейін Үкіметке Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.