Премьер-Министр Ж. Досқалиевке жеке блогындағы денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдарға жауап беруді тапсырды

None
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов министр Жақсылық Досқалиевке Үкімет басшысының жеке блогына халықтан денсаулық сақтау саласына қатысты келіп түскен сауалдарға жауап беруді тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Менде іші сұрақтарға толы тұтас бір папка бар. Ол сұрақтардың бәрін қазір оқымай-ақ қояйын. Сізге беремін, соларға жауап қатыңыз», деді Премьер-Министр Ж. Досқалиевке қаратып айтқан сөзінде.