Үкімет басшысы Жаңа жылға қарсы қоғамдық тәртіпті, жолдардағы қауіпсіздік пен өзге де жағдайларды қатаң бақылау үшін бүкіл мемлекеттік органдарға жедел әрекет ететін кезекшілер отырсын деген тапсырма берді.
«Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап күшейтілген режимде жұмыс істеуге кіріссін. Сондай-ақ, Жаңа жылдық мерекелер өтетін орындарды бақылауға алу керек. Әсіресе, өрт қауіпсіздігі назарда болсын. Облыс әкімдері, Астана және Алматы қалаларының басшыларына Ішкі істер министрлігімен бірге, ауа райын ескере отырып, жолдардағы автокөліктердің қауіпсіздігі үшін алдын ала шара қолдануды тапсырамын. Бүкіл мемлекеттік органдарда жедел әрекет ететін кезекші отыруы керек. Бұл істі Асқар Мамин өзі бақыласын»,-деді Б.Сағынтаев.