Бұл туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Үкімет отырысында айтты. «Мектептер мен балабақшаларды айырықша бақылауда ұстау керек. Бүгінгі таңда Елбасы тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия келтірілген шығынның көлемін анықтау мен жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр», деп атап өтті К.Мәсімов. Бұл жұмыстарды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев атқаруда. «Үкіметтік комиссияның жұмысы кешенді, ашық және жариялы болады», -деп тоқталды Үкімет басшысы. «Медициналық мекемелерде дәрігерлер мен дәрі-дәрмек құралдары жеткілікті болуы тиіс. Медициналық жедел жәрдем үздіксіз жұмыс істеуі шарт», -деп тапсырды К.Мәсімов.
15:17, 20 Желтоқсан 2011
Премьер-Министр Жаңаөзендегі мектептер мен балабақшалардың айрықша бақылауда болуын тапсырды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Премьер-Министр Жаңаөзендегі мектептер мен балабақшалардың айрықша бақылауда болуын тапсырды.