Премьер-Министр «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу бойынша Тұжырымдамасының 2013-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі «Қалдықтарды басқару», «Су ресурстарын басқару» және «Жасыл» экономиканы іске асыру» бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстың аралық қорытындылары туралы баяндады.  

Сондай-ақ, отырыс аясында «Жасыл экономиканы» және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы С. Рахымбекова, «Kaz Waste» Қазақстандық қалдықтарды басқару бойынша қауымдастықтың атқарушы директоры В. Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина және басқалары сөз сөйледі.