Премьер-Министр жауапты министрлікке жол құрылысы сапасына айрықша мән беруді тапсырды

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне әкімдіктермен бірлесе автомобиль жолдарының уақытылы және сапалы құрылысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Осы орайда Үкімет басшысы жауапты министрлікке «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Астана - Алматы», «Астана - Павлодар», сондай-ақ басқа да жобаларды белгіленген мерзімде жүзеге асыруды жүктеді.

Бұдан бөлек, С. Ахметов бөлінген қаржының уақытылы игерілуі мен жол құрылысындағы сапа мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды.