Жұлдызды қалашық Байқоңырдан басталған сапар барысында ол «Протон» монтаждау-сынақ кешенінде болып оның жұмысымен танысады. Сондай-ақ, «Бәйтерек» жобасының орындалу барысын көреді. Мұнан кейін «Зенит» монтаждау-сынақ зымыран тасығыш кешеніне аялдап, бұрынғы «Зенит» зымыран тасығышының ұшу алаңында болады.
Қызылорда қаласында жалғасын табатын іс-сапар барысында Асқар Мамин «Нұр Орда» мөлтек ауданы мен пайдалануға берілген көпір құрылыснда және шыны зауыты құрылысымен танысады деп күтілуде. Мұнан өзге де бірнеше нысанда болу жоспарда бар.