деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қаржы министрлігі Кендендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозовтың айтуынша, аталмыш орталықтың ашылуы Кедендік бақылау комитеті мен Дүниежүзілік кеден ұйымы ынтымақтастығының жаңа кезеңге аяқ басқанын білдіреді. Орталықта заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған мультимедиялық кабинет, электронды кітапхана, оқу-әдістемелік сыныптары бар.
«Дүниежүзілік кеден ұйымының Өңірлік оқыту орталығы Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің кеден органдарының қызметкерлерін кәсіби даялау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін мығым тұғырнама қалыптастыратын болады», деді Қ. Кәрбозов.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан аумағында Дүниежүзілік кеден ұйымының кинология орталығы және өңірлік оқыту орталығы орналасқан әлемдегі жалғыз мемлекет. Өңірлік оқыту орталығын ашу туралы меморандумға 2009 жылғы маусымның 26-сында Брюссельде ҚР Қаржы министрлігі мен Дүниежүзілік кеден ұйымы қол қойған.
Оның айтуынша, таяу перспективада Қазақстанда Дүниежүзілік кеден ұйымының оқу-жаттығу кешенін ашу туралы мәселе көтерілетін болады.