деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Әңгіме барысында еліміздің денсаулық сақтау саласының ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтар күні Үкімет отырысында Премьер- Министр Кәрім Мәсімов Ербол Орынбаев пен денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға «Время» газеті тілшісінің мақаласында қозғалған мәселелерді зерттеп біліп, автормен кездесуді және қолға алынған шаралар жөнінде баяндауды тапсырғаны мәлім.
Бүгінгі әңгіме барысында еліміздің денсаулық сақтау саласының ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары талқыланды. Журналиске 2010 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілу барысы, сондай-ақ халықтың денсаулығын қорғау саласын реформалаудың келесі кезеңдерін іске асыру үшін қолға алынатын шаралар туралы мағлұмат берілді.
Е.Орынбаев денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың мақсаты туралы, денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесін реформалаудың нәтижесінде қол жеткізу жоспарланып отырған негізгі бағыттары мен мақсатты индикаторлары туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Тілшімен болған әңгімеде медицина саласын басқаруды және ұйымдастыруды жетілдіру саласында жүргізіліп жатқан шаралар, сондай-ақ, медициналық көмекті қаржыландыру мәселелеріне негізінен жаңа тәжірибе тұрғысынан келу, медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі, қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу, медициналық білім берудің сапасын арттыру шаралары атап көрсетілді.
В.Бурдиннің мақаласында айтылған фактілер мен осы аталған мәселелер бойынша азаматтардың арыз-шағымдарына байланысты комиссиялық тексерулер жүргізу үшін жұмыс комиссиясы құрылатын болады.
Одан кейін кездесу денсаулық сақтау министрлігінде жалғасты. Оған денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, министрлік комитеттері мен «СК - Фармация» АҚ-ның басшылары қатысты.