Вице-премьер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына және «Open Pavlodar» фронт-офисіне барып, олардың жұмысымен танысты.
1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 1368 жұмыс берушіден 2800 бос жұмыс орны бар. Жұмыс іздеп жүрген 2053 адам тіркелді, тұрақты жұмыс орнына 1262, әлеуметтік жұмыс орындарына - 121, жастар практикасына - 52, қоғамдық жұмыстарға - 364 адам орналастырылды. 48 отбасыны көшіруге арналған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қаражат бөлінді.
Үкімет мүшелері одан кейін Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
«Бүгінде мемлекет халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шараларды қабылдауда. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арттырылды және ол 20 789 теңгені құрайды. Мамыр айынан бастап жалдамалы баспана беру басталады. Ал 1 маусымнан бюджеттік саланың жалақысы төмен қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданады», - деді Г. Әбдіқалықова.
Кездесу соңында Премьер орынбасары азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Ол облыс басшылығына жұмыссыз жүрген Айдар Қалымовты «Лидер Пласт-ПВ» ЖШС әлеуметтік жұмыс орнына 120 мың теңге жалақымен менеджер ретінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді тапсырды.
Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бірқатар тапсырма берді.