Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасады

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.С.Ахметов сапар барысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағында болды. Бұл кәсіпорында ағымдағы жылы мақта өңдеу жөніндегі үш заманауи фабрика іске қосылғалы отыр. Ол жобалар 1500-ден астам адамға жұмыс береді. «Дағдарысқа қарамастан жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Бұл тұрғыда инвесторларға жоғары баға беру керек. Жоба Қазақстанның Даму банкі мен кәсіпкерлердің қаражаттарының бірлесуімен жүзеге асырылуда. «Қос тарап та өз міндеттемелерін орындауда», - дейді «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағының директоры Сергей Цой. Вице-премьер сапар барысында сонымен бірге «Ютекс» акционерлік қоғамында және Шымкентті жылумен жабдықтау жүйесінің сорғы стансасында болды.