деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында кореялық инвесторлардың қатысуымен Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында іске асыру көзделіп отырған жобалардың дайындық жағдайы қаралды.
Кеңеске қатысушылар оңтүстік кореялық серіктестермен бірлесіп іске асырылатын аталған жобалардың жай-күйі туралы хабарламаны тыңдап, оларды тез арада жүзеге асыруға бағытталған шараларды талқылады.
К.Мәсімов тиісті ұлттық компаниялардың басшыларына мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвесторлармен жұмысты күшейтуге және Премьер-Министрдің Оңтүстік Кореяға алдағы сапары барысында қол қойылады деп жоспарланған келісімдерді дайындауды тездетуді тапсырды.