Премьер-лига: «Ақтөбе» өз алаңында «Тобылға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІІІ турында «Ақтөбе» өз алаңында «Тобылға» есе жіберді.
Бірінші кезеңде қостанайлық футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Олардың қатарынан Ислам Чесноков 16, Ахмед Эль-Мессауди 27, Игор Иванович 45-минутта мергендік танытты.
Екінші кезеңде «Ақтөбе» сапынан Әлібек Қасым 53, Дорни Ромеро 59-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ойынның 73-минутында Ислам Чесноков тағы бір мәрте көзге түссе, Дорни Ромеро 91-минутта гол соқты. Осылайша «Ақтөбе» қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберді. Турнир кестесінде 22 ұпаймен екінші орнын сақтап қалды. Ал «Тобыл» 19 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.
Айта кетсек, 30 маусымда «Елімай» мен «Жетісу»1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді 1 шілдеде «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» ойнайды.
Сондай-ақ 29 маусымда «Ордабасы» «Қайсардан» 2:1, «Қайрат» «Астанадан» 3:1, «Қызылжар» «Шахтёрден» 2:0 есебімен басым түсті.