Премьер-лига: «Астана» сырт алаңда «Қызылжардан» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 22 маусымда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының он екінші турында елордалық «Астана» петропавлдық «Қызылжардан» басым түсті.
Елордалық команда төрт тур бойы жеңіске жете алмай келеді. Екі кездесуде жеңіліске ұшыраса, екеуінде тең нәтижеге қанағат білдірді. Салдарынан турнир кестесінде орта бөлігіне түсіп кетті.
Сондықтан елордалық клуб бүгін жеңіске жетуге күш салатыны анық еді.
Кездесу барысында қос команда жеңіске жетуге бар күшін салды. Ойын тағдырын 70-минутта Эльхан Астанов орындаған пенальти шешті.
Елордалық клуб осылайша қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңіп кетті.
Енді 23 маусымда «Атырау» мен «Тобыл», «Жеңіс» пен «Ордабасы», «Тұран» мен «Елімай», «Ақтөбе» мен «Шахтёр» ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Жетісай» қайтадан көш басына шықты.