АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады.
Бұл турдағы негізгі ойындар 15 қыркүйекте сағат 17:00-де «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» арасында болады. Командалар биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты бәсеке күтетіні анық.
Сондай-ақ, аталған турда 14 қыркүйекте 17:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Қайсар» (Қызылорда), 19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Астана» мен «Қызылжар» (Петропавл) кездеседі.
Ал 15 қыркүйекте 19:00-де «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан әлем чемпионаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.