Премьер-лига: «Қайрат» бірінші орынға көтерілді

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-турында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарынан» басым түсті.

Алматылық «Қайрат» биыл бас бәйгеден үміттеніп отыр. Қазір турнир кестесінде екінші орында келеді. Бүгінгі ойында жеңіске жеткен жағдайда бірінші орынға көтеріледі.

Петропавлдық команда кейінгі турларда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.

Кездесу тағдырын алматылық командадан 39 -минутта Андрей Ульшин соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Дәл қазір «Елімай» (Семей) мен «Тұран» (Түркістан) кездесіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.

Сондай-ақ 18 тамызда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда) жасыл алаңға шығады.

Бұл турдағы «Астана» мен «Атырау» кездесуі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.