Премьер-лиганың 17-ші туры: Қай командалар өзара мықтыны анықтайды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-туры өтеді.
Бұл турда алғашқы ойын 17 тамызда сағат 16:00-де Петропавлда «Қызылжар» мен Алматының «Қайрат» клубтары арасында болады.
Алматылық «Қайрат» биыл бас бәйгеден үміттеніп отыр. Қазір турнир кестесінде екінші орында келеді. Бүгінгі ойында жеңіске жеткен жағдайда бірінші орынға көтеріледі.
Петропавлдық команда кейінгі турларда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Сондай-ақ, аталған турда бұл күні 20:00-де «Елімай» (Семей) мен «Тұран» (Түркістан) ойнайды.
Ал 18 тамызда 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тобыл» (Қостанай) кездеседі.
Сол күні 20:00-де «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда) жасыл алаңға шығады.
Бұл турдағы «Астана» мен «Атырау» кездесуі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Еске салсақ, команданың еурокубок ойындарындағы сәтсіздігіне байланысты Александр Седнев «Ордабасы» бас бапкері қызметінен кететінін болды.