Оның сөзінше, ауыл шаруашылығында вегетациялық кезеңнің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, егін жинау науқанын сапалы өткізу және инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру – негізгі міндеттер.
– Өткізу нарықтарын кеңейту және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, Азық-түлік корпорациясына астық өңдеу өнімдерін тасымалдау кезінде шығындарды өтеу жөніндегі оператордың өкілеттіктерін беруді тапсырамын. Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп, мақта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға және қант қызылшасын тасымалдауға инвестициялық субсидиялау тетігін енгізсін. Өңір әкімдіктері Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, нарықты ет өнімдерімен толықтыру және оның экспортын ұлғайту үшін Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал басын сатып алу жұмысын жеделдетуге тиіс, – деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы құжат нысандары қайта қаралатынын жазғанбыз.