Бүгінгі таңда тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі төмендемейтіні атап өтілді, бұл ретте таралу тәсілдері кеңейіп келеді. Әсіресе түнгі клубтарда есірткіні насихаттау және сату белсенді жүргізіліп отыр. Оны таратуға 14 жасқа дейінгі балалар қатыса бастады.
— Әлеуметтік желілер арқылы оңай сатып алуға болатын есірткінің жаңа түрлері пайда болуда. Осыған байланысты, Ішкі істер министріне жауапты бөлімшелердің жұмысын қатаң түрде бағалауды және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақтөбеде есірткі дайындап, адам өлтірген мектеп мұғалімі сотталды.