Премьер-министр Олжас Бектенов референдумда дауыс берді

Фото: Үкімет

АCТАНАһ. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді

Премьер-министр Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты.

Олжас Бектенов елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде орналасқан №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді. Ол өз таңдауын елордадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы №129 учаскеде жасады.