«Саябақтар мен скверлер көбінесе иесіз қалғандай күй кешеді. Оларды жыл сайын жаңартып отыру, көркейту жұмыстары жүргізілмейді. Кейде тіпті саябақтарда объектілер салу фактілері де кездеседі. Сондықтан жұртшылық осындай проблемаларды жиі көтереді», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, тұрғындар көрікті әрі өмір сүруге қолайлы болғанын қалайды.
«Халықтың осындай күнделікті мәселелерді шешуде үлкен белсенділік танытып отырғанын атап өткен жөн. Мысалы, қоғам белсенділерінің арқасында елордада бірқатар жерде салынуы тиіс объектілердің орнына скверлер мен демалыс орындары пайда болды», - дейді Премьер-Министр.