«Былтырдан бері 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді. Салық жүйесі мен теміржолдың ақпараттық жүйелері интеграцияланды. Алайда бизнес тарапынан шекарада жүктердің тұрып қалуына қатысты шағымдар әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан шекарадағы мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсету үшін барлық рәсімдерді аяқтау қажет», - деді ол.
Үкімет басшысы теміржол вокзалдары мен станцияларының жағдайын да сынады.
«Олардың шамамен 90%-ына жөндеу жұмыстары қажет. Осыған байланысты Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеп, қаржыландыру көздерін анықтасын. Бұл магистральдық теміржол желісі мен вокзалдарды жөндеуге де қатысты», - деді Олжас Бектенов.