Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында хабарлады.
— Шетелдік сапарларда сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән берілді. Халықаралық кездесулер кезінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды, — деп жазды Руслан Желдібай.
Бұдан бұрын ол биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өткенін айтты.
Сондай-ақ 2025 жылы Президент қанша нормативтік-құқықтық актіге қол қойғаны белгілі болды.