Президент 30 жыл бұрын Қазақстан БҰҰ трибунасында айтқан ұсынысты еске алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінде Қазақстан тарапынан 30 жыл бұрын айтылған ұсынысты еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаһандық сын-қатерлер мен дағдарыстарға қарсы қабылданатын қарапайым іс-шаралардан оларды болдырмауға және сапалы болжауға, сондай-ақ саяси бағыттарды стратегиялық жоспарлау және әзірлеу аясындағы бағалау әдістерімізді жұмылдыруға көшуіміз керек.

Қазақстан 30 жыл бұрын дәл осы мақсатпен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде кеңес (АӨСШК) құруды ұсынды», - деп еске салды Президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы қазан айында өтетін самит үшін аталған ұсыныс маңызды екенін атады.

«Жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге байланысты алдағы қазан айында араағайындық пен бітімгерлікке атсалысу мақсатында өтетін Саммитте АӨСШК толыққанды халықаралық ұйымға айналады деп үміттенеміз», - деді Мемлекет басшысы.


Фото:akorda.kz