«Мен Қазақстанда 20 зияткерлік мектептің құрылысы туралы жариялаған болатынмын. Бүгінде елімізде барша жиырма зияткерлік мектеп салынғанын айта аламын. Бұл бағыттағы шаралар мектептегі білімде өте маңызды серпін болып табылады»,-деді Президент.
Осы ретте Мемлекет басшысы аталған мектептерде білім берудің жаңа мазмұны апробациядан өтетінін және бұл бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенен атап өтті.
«Биыл осы тәжірибені тағы 30 мектептегі бірінші сыныптарға енгізу жоспарланып отыр, алайда бұл жұмыс тым баяу қарқынмен жүріп жатыр. Зияткерлік мектептерде апробациядан сәтті өткен барлық тәжірибе барша еліміз бойынша 3 жылда немесе ары кетсе 4 жылда енгізілуі тиіс. ҚР Білім және ғылым министрлігіне осы жұмысты қамтамасыз етуді тапсырамын»,-деді Н. Назарбаев.