2 наурыз күні Көкпекті ауданындағы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қызметтік борышын адал атқарғаны және батылдығы үшін аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Данияр Қайырқанов Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Полиция қызметкеріне марапатты ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов салтанатты түрде табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 16 ақпанында Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығынан 100-ден астам көлік қар құрсауында қалған болатын.
Тәртіп сақшысы күрделі метеорологиялық жағдайға қарамастан Абай облысындағы тасжолға шығып, жүргізушілерге жол көрсетті.
Барлығы құтқару операциясы барысында азаматтық қорғау және жол полициясы қызметкерлері 381 адамды құтқарды, оның 19-ы бала.