Президент «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады

Фото: Фото: Аманқұл Дүйсенбаев, Еркебұлан Үкібаева

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Біріккен Араб Әмірліктеріне барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдағанын жазған болатынбыз.