АСТАНА. KAZINFORM — Ақорда Президенттің Минскте Абу Дабидің Тақ мұрагерімен жүздескенін хабарлады.
- Жақында Астанаға жасаған сапарынан кейін Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минск төрінде қайта жүздесті, - деп жазылған ресми парақшада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.