Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерін әуежайдан шығарып салды
19:03, 12 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды.
«Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумында бірқатар келісімге қол қойылды.
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады.