Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссиядан бірқатар лауазымды тұлғаны шығарып тастады

Фото: Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Жарлыққа сай, комиссия құрамынан 11 адам шығарылды.

«Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын», – делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Тиісінше, бос орындарды келесі тұлғалар иеленді:

  • Аида Балаева – Мәдениет және ақпарат министрі;
  • Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
  • Әлия Ехласова – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;
  • Светлана Жақыпова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Асхат Жұмағали – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
  • Динара Зәкиева – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
  • Снежанна Имашева – ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Мұрат Нұртілеу – Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
  • Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі және өзгелері.

Құжат қол қойылған күннен, яғни 12 қазаннан бастап күшіне енді.