Президент: Ағылшын тілін оқытуда ата-аналар қалауы ескеріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 тілдіжүйеге көшу, оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарайжүзеге асады. Бұл ретте ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытубілім орталықтарының кадрлық мүмкіндіктеріне қарай оқушылар мен ата-аналардыңқалауы бойынша іске асырылуы тиіс. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреу болыпқалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтанағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай бесіншісыныптан бастау орынды әрі тиімді боладыдеп санаймын», - деді Президент.

Еске салсақ,Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар