деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңесте заңдылықты қамтамасыз ету, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайы мәселелері қаралды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының 2010 жылғы І-тоқсандағы жұмысының қорытындысы жасалды.
Т. Донақов өзінің сөзінде мемлекеттік басқару институттары жүйесінде құқық қорғау органдарының маңызды рөл атқаратындығын, себебі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты елеулі мөлшерде заңдылық пен құқық тәртібінің деңгейіне байланысты екенін атап көрсетті.
Осыған байланысты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларының мүлтіксіз орындалу қажеттілігіне назар аударылды. Азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау басымдылығы құқық қорғау органдары жұмысының негізгі принципі болу қажет.
Қылмыстық жағдай ауыр қылмыстар (7,6%-ға), есірткілердің заңсыз айналымы (8,9 %-ға), кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар (19,4%-ға) санының төмендеуімен, қылмыстарды ашудың өсуімен және өзге оң тенденциялармен сипатталатыны атап өтілді.
Осы орайда, тіркелген қылмыстардың саны 10,2 пайызға артты. Маскүнемдіктің алдын алу бойынша жұмыстардың азайғаны атап өтілді. Ауыр қылмыстардың басым бөлігі маскүнемдік күйінде жасалады. Көшелерде және өзге қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің өзекті болуы жалғасуда, бұл құқық тәртібі органдарының жұмысын ұйымдастыруға жаңа тәсілдерді қолдануды талап етеді.
Ішкі істер министрінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының, кедендік бақылау және қылмыстық-атқару жүйесі комитеттері төрағаларының баяндамалары тыңдалды.
Мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша елдегі заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, оның ішінде көшелерде және өзге қоғамдық орындарда тәртіпті орнату, көші-қон бақылауын күшейту, ұйымдасқан және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, қару-жарақтың айналымын бақылау, кеден және экономикалық қызмет саласында қылмыстардың алдын алу шараларын қолдану және оларды уақтылы ашу бойынша міндеттер анықталды.
Кеңесте сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 793 Жарлығын іске асыру барысы туралы мәселе қаралды.