Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
09:34, 04 Желтоқсан 2023
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.