Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелеріне қатысты заңға өзгеріс енгізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік рәсімдерді жетілдіру бойынша өзгеріс енгізілген заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтына шыққан құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.