Президент АҚШ компаниясымен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
19:34, 19 Қыркүйек 2022
НЬЮ-ИОРК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Grupo Los Grobo – жылдық табысы 1 миллиард доллардан асатын Латын Америкасындағы астық және соя өндіретін ірі компания.
Фото: t.me/bort_01