«Авиаторларға, ең алдымен «Эйр Астана» компаниясына біздің негізгі инвесторларымызға қарай әуе байланысын іске қосу міндетін жүктеу қажет. Қазір Еуропаға ұшамыз. Енді Құрама Штаттарға, Жапонияға ұшуымыз қажет. Ол үшін не істеу керектігін қараңыз, қолдау көрсетіңіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев министр Қасымбекке қарата айтқан сөзінде.
Мемлекет басшысы бастапқы уақытта бұл бағыттағы әуе рейстерінен пайда түспеуі мүмкін екендігін де ескертті.
«Ұшақ сатып алуға, немесе қолданыстағы ұшақтарды пайдалану мәселесіне көмек беру керек. Бұл мәселе биыл шешілуі тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.