Президент Әлем кубогінің жеңімпазы Әсем Орынбайды құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стенд атудан Алматыда өткен Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Президент спортшының әлемдік рекордты жаңартып, жарыста асқан шеберлік танытқанын атап өткен.

– Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Президент бір топ әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне шен тапсырды.