Президент алматылықтармен Көктөбеде жүздесті

Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Мемлекет басшысы Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті. Бұл туралы БОРТ №1 telegram парақшасында жарияланды.

- Антониу Гутерришпен жүргізілген келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Алматының көрнекі жерлерінің бірі саналатын Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті, - делінген хабарламада.

Айта кетелік Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізген еді.