Президент «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барды
10:48, 31 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды. Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.